«Шахмат керуені» турнирінде бір үйдің екі баласы жүлдегер болды
«Шахмат керуені» турнирінде бір үйдің екі баласы жүлдегер болды.
Ұлы Жібек жолы бойымен елдің барлық аймағын аралайтын жоба Қызылорда қаласына жетті. Басты ерекшелігі шахматшылар киіз үйдің ішінде сайысқа түсті. Ең қызығы, бірінші және үшінші орын алған қос жүлдегер бір үйдің баласы. Үшінші орын 14 жастағы Нұрсәт Оспанға бұйырса, екінші орынды Әділет Ерсерік иеленді. Ал 11 ойыннан 10 ұпай жинаған Ернұр Ержанұлы жеңімпаз атанды. Енді олар қараша айында Түркістанда өтетін гранд-финалда бақ сынайды. Мұнан бөлек жартылай финалдың үш қатысушысы «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже», «16 жастан кіші үздік ойыншы» және «50 жастан асқан үздік қатысушы» аталымдары бойынша марапатталды.
Ернұр Ержанұлы, турнир жеңімпазы:
- Он бір ойын ойнадым және оның тоғызын ұтып, екеуін тең ойнадым. Енді Түркістанға барып, барынша үштікке ілінуге тырысамын.