Қазақстан құрамасы боччадан Азия Паралимпиада ойындарына қатысады
Қазақстан құрамасы тұңғыш рет боччадан Ханчжоу қаласында өтетін Азия Паралимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел ішінде өткен чемпионатта іріктелген үздік команда енді Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Биыл еліміз ресми түрде Халықаралық бочча федерациясына мүше болды. Бұл өз кезегінде пара спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Диана Молдахметова, боччадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:
- Дайындық қарқынды өткізілді. Төртінші Пара Азия ойындарына квота алғаннан кейін дайындықты бастап кеттік. 3 оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бір халықаралық жарысқа барып келдік.
Нұргүл Үлжекова, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы:
- Алғаш рет бочча спорт түрінен, паралимпиадалық спорт түрінен Қазақстаннан 4 спортшы Қытайға Азиадалық пара ойындарына қатысады және біздің үлкен арманымыз – енді паралимпиадалық ойындарына жолдама алу. Бочча спорт түрі – Қазақстанда енді енді ғана дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі.