2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бес спорт түрі қосылды
2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 5 спорт түрі қосылды.
Енді қатысушылар флаг-футбол, крикет, лакросс, сквош, және бейсбол/софтболдан сайысқа түседі. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бах мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылған бес спорт түрі әлемге әйгілі америкалық сайыс түрлері. Бұлар араға 100 жыл салып, Олимпиада бағдарламасына қайта енгізіліп отыр. Айта кетейік, әлемдік дода 2028 жылы 14-30 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтеді.