«Шахмат керуені» Жезқазғанға жетті
Ұлытау облысының ауыл-аймағынан іріктелген 20 ойыншы өзара үздіктерді анықтады.
Бұған дейін қалалық деңгейде жұмыс істеген шахмат федерациясы облыстық болып қайта құрылды. «Айтулы шараның аймаққа келуі жастардың шахматқа деген қызығушылығын арттырады», - дейді ұйымдастырушылар. Өңірде шахматты жүйелі түрде ойнайтындардың саны 100-ден сәл асады. Облыс орталығында жалғыз ғана үйірме жұмыс істейді.
Бағдат Байсалбеков, республикалық шахмат федерациясының Ұлытау облысы бойынша атқарушы директоры:
- Енді-енді дамып келе жатырмыз. Өзім үміттенем, тағы да жаңадан жұлдыздар жарқырайды, халықаралық, республикалық дәрежеде көрсеткіш көрсетеді деп үміттенем. Ата-аналар қайта-қайта келіп өздерінің балаларын шахматқа қатыстырғысы келіп отыр. Байқап отырмын осындай жарыстар арқылы үміттенем көбейеді деп шахматшылар.