Пара Азиада. Екі күміс, екі қола қоржында
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Раифова 70 кг (J2) салмақта күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз финалда қытайлық Ван Хуюнға есе жіберіп алды. Ал үшінші орын жапондық Нишимура Атсумаға бұйырды.
Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді. Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті.
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жанбота Аманжол (J2) пара дзюдодан күміс медаль иегері атанды. Алтын медаль үшін күресте ол Кореядан келген спортшы Ли Джунгке есе жіберді.
Қазақстандық спортшы Ғалымжан Смағұлұлы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының аясында дзюдодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен тартыста біздің отандасымыз Өзбекстаннан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті.