Өскемендіктер тауға шығудан жарысты

Өскемендіктер Республика күнін тау басында атап өтті.

Екі жүздей адам мемлекеттік рәміздер алаңы жасалған Қазақстан тауына шықты. Акцияға қатысқан жастар төрт жүз баспалдақты сегіз минутта артқа тастады. Ал ардагерлер биіктікті жарты сағатта бағындырды. Көк байрақты желбіретіп, жоғарыға көтерілу үшін белсенді азаматтар Риддер мен Алтай қаласынан және облыс аудандарынан келді. Жарыс жеңімпаздарына медальдар биік таудың басында тапсырылды.

Әйгерім Қалиқошева, жарысқа қатысушы:

- Кішкентай бір арманым болған осындай жарыстарға қатысу негізі. Өте жақсы настроймен келдім. Барлығын жақсы бастадым. Әрине соңына таман өте қиындау болды, ауа райына байланысты және тауда жүгіру әдетте қиынырақ, желде жүгіру. Еш өкінбеймін, жиырма төртінші болып келдім, бұл өте қуантады әрине. Республика күнімен құттықтаймын. Барлық халқымызға денсаулық және ашық аспан тілеймін.