Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир өтті
Болашақ чемпиондар даярлығы. Астанада еркін күрестен балалар арасында Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтті.
Республикалық дода даңқты палуан атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық өрен жиналды. Олар қос жас деңгейі бойынша өзара мықтыны наықтады. Яғни, бас-аяғы 18 салмақта медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Аталмыш турнир ерекшелігі, оған арнайы іріктеу өтпейді. Яғни, аймақтық жарыстарда топ жара алмай жүрген не әртүрлі себеппен құрамаға кіре алмай жүрген балалар үшін кермет мүмкіндік саналады. Сәйкесінше бәсекелстік өте жоғары болды. Жарыстың өзі 3 күнге созылды.
Еске сала кетейік, Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жарыс осымен 4-ші жыл қатарынан өткізіліп тұр. Алдағы уақытта оның форматын ұлғайтып, бағдарламасына грек-рим және әйелдер күресін қосу да жоспарланып отыр.