Бокс: Нұрсұлтанов пен Аламос кездеседі

Бокс: Нұрсұлтанов пен Аламос кездеседі

Мейірімнің қарсыласы ауысты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы бірер күннен кейін Ташкент төрінде жұдырықтасады. Мейірім Нұрсұлтанов о баста германиялық Винцент Файгенбутцпен кездесуі керек еді. Бірақ кейінгісі жарақатына байланысты бас тартты. Енді ол чилилік Джулио Аламоспен қолғап түйістіреді. Аламос бүгінге дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 17-сінде жеңіске жеткен. 9-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Мейірімнің көрсеткіші: 19 жекпе-жек, 19 жеңіс. Оның 11-інде қарсыласын нокаутпен ұтты.

Қос мықты арасындағы айқас қарашаның 17-сінде Өзбекстан астанасындағы «Хумо Аренада» болады. Жеңіске жеткен тарап WBC тұжырымы бойынша орта салмақатағы әлем чемпионына міндетті қарсылас атанады. Жекпе-жектің өзі 12 раундқа есептелген.

Қазақ боксшысы қазір Ақтауда дайындықты пысықтап жатыр. Ол ең соңғы рет биыл сәуір айында шаршы алаңға шығып, жапониялық Кадзуто Такесаконы жеңген еді. Осының арқасында WBO International белдігін қорғап қалды.