«Барселона» Чемпиондар лигасында «Шахтёр Донецк» клубынан жеңіліп қалды

«Барселона» Чемпиондар лигасында «Шахтёр Донецк» клубынан жеңіліп қалды

«Барселона» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталондықтар сырт алаңда «Шахтерден» ұтылды. Матч Гамбургте өтті. 

Украиналық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол матчтың 40-минутында соғылды, ол кезде Украина құрамасының шабуылшысы Даниил Сикан cоқты. 

Осылайша 9 ұпаймен «Барселона» Н тобында 1-орында қалды. «Шахтер» 6 ұпай және 3-орынға ие болды.