Billie Jean King теннис кубогі: еліміздің әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан теннистен Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Алғашқы болып шыққан Анна Данилина, әлемнің 104-ші ракеткасы Кайя Юванға есе жіберді. Ал екінші отандасамыз Юлия Путинцева өз қарсыласын уақытынан бұрын жеңді. Ойынның тағдыры жұптық кезеңде шешілді. Алаңға 2-мәрте шыққан Анна Данилина мен жас теннисші Жібек Құламбаева жұптық кезеңде өз қарсыластарын жеңді. Алайда бұл Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығара алмады. Осыған дейінгі ойындардағы жеңіс сериясының көптігінен Словения құрамасы келесі кезеңге өтті.
Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:
- Жібек Құламбаева біздің елімізде Алматыдан шыққан ойыншы. Біздің Қазақстан TEAM Astana академиясынан шыққан. 7 жасынан бастап оны өсіріп, тәрбие беріп, үйреттік. Біздің өте жақсы ойыншымыз. Әлем чемпионатында осындай жеңімпаз болған өте үлкен көрсеткіш. Біздің бүкіл Қазақстанға, жасөспірім ойыншыларға сенім береді әрине.