Астанада дзюдодан ел чемпионаты мәресіне жетті
Қызылордалықтар қарсылас шақ келтірмеді.
Астанада дзюдодан ересектер арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті. Алғашқы жарыс күндері жекелей сындар өткен еді. Ал, соңғы күні аралас командалық бәсеке болды. Оған 17 аймақтың құрамасы қатысты. Нәтижесінде, Қызылорда облысынан келген қыз-жігіттер жеңіске жетті. Олар финалда қарағандылық дзюдошылармен өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытыднысы бойынша, Қарағанды облысының өкілдері күміс, Алматы мен Атырау облыстарының құрамалары қола жүлде жеңіп алды. Ал жекелей сында жетісулық дзюдошылар өте сәтті өнер көрсетті. Олар 3 алтын мен 2 күміс еншіледі. Одан кейін тізімде Ақтөбе мен Маңғыстау аймақтарының спортшылары тұр.
Айта кетейік, ішкі бірінішілікте топ жарғандар ұлттық команда алынып, алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік аламандарға дайындықты бастайды. Қазақстан чемпионатына бас-ағы 500-ге жуық қатысушы жиналды.