Мейірім Нұрсұлтанов Чили боксшысын жеңді

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ол кеше Ташкентте өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен жұдырықтасқан болатын. «Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Нәтижесінде орта салмақтағы отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды.