«Барыс» кезекті рет жеңіліс тапты

«Барыс» кезекті рет жеңіліс тапты

Құрлықаралық хоккей лигасында астаналық Барыс сырт алаңда Торпедомен кездесу өткізді.

Қорытынды есеп: 4:2. Алаң иелері бірден есеп ашып үлгерді, бірақ таразы басын Аркадий Шестаков теңестірді. Осылайша бірінші кезең теңбе-тең аяқталды. Алайда екінші бөлімде Андрей Шутовтың қақпасына тағы үш шайба түсті. Қорытынды жиырма минутта Рудольф Червени есепті қысқартып үлгерді. Дегенмен, жеңіс Торпедоға бұйырып, астаналықтар қатарынан үшінші жеңіліс тапты. 23 қарашада Барыс өз алаңында «Нефтехимикті» қабылдайды.