Елена Рыбакинаның табысы жарияланды

9 миллион 500 мың доллар.

Қазақстандық Елена Рыбакина биыл осынша көлемде сыйақы алды. Соның арқасында әлемдегі ең табысты спортшылар қатарына қосылды. Sportico басылымы арнайы рейтинг жасаған болатын. Оған сәйкес, қазақстандық теннисші 7-ші сатыға тұрақтады.

Топ басында 23 миллион долларға жуық табысы бар америкалық Кори Гауфф тұр. Үздік үштікке польшалық Ига Швентек кірді. Оның көрсеткіші – 22 миллион доллар. Елена Рыбакина болса, бұл жетістікке тоқсейілсімейді. Ол алдағы айда Австралия ашық чемпионатына қатыспақ. Жылдың басты бәсекесі 14-ші және 28-ші қаңтар аралығында болады. Оған дейін WTA 500 санатындағы тағы екі турнирде бақ сынауды жоспарлап отыр. Australian Open жарысына қатысушылар тізімінде Еленадан бөлек қазақстандық Юлия Путинцева да бар.