ӘЧ: Қазақстан Францияны ұтты
Вадим Куралес Еуропа Кубогында жүлдеге ілікті.
Дәл қазір Италияның Риднаун қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр.
10 шақырымдық спринтке 159 спортшы қатысып, араларынан қазақстандық Вадим Куралес мәре сызығын екінші болып кесті.
Алтын жүлде хорватиялық, қола жүлде польшалық спортшыларға бұйырды.
Сонымен бірге, Қазақстан Францияны ұтты. Қатарынан үшінші жеңіс. Венгрияда шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем ченмпионаты жалғасып жатыр.
«А» тобына түскен ұлттық командамыз бұл жолы Франция құрамасымен жолықты. Матч ә дегеннен тарысты басталды және жерлестеріміз есеп ашты. 9-минутта Давлат Нұркенов мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңде командаласы Егор Смолянинов мүмкіндігін сәтті пайдаланып, таблодағы нәтижені еселей түсті. Үшінші кезеңде жоғарыда аты аталған Давлат Нұркенов және Александр Ким бір-бір голдан соғып, қорытынды есепті 4:0 ге жеткізді.
Айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы 3 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты.
Айта кетейік, Сергей Старыгин баптайтын жігіттер бұның алдында Венгрия және Дания құрамалын ұтқан еді. Енді алда Жапонияға және Австрияға қарсы шешуші мачтар бар. Венгриядағы байрақты бәсеке 17-ші желтоқсанға дейін жалғасады.