Елде «Скандинавиялық жүріске» ден қойғандардың қатары артты
Спорт – саулық кепілі. Кейде тіпті таза ауада серуендеп, жаяу жүргеннің өзі де адам ағзасына пайдалы.
Кейінгі жылдары қазақстандықтар арасында «Скандинавиялық жүріске» ден қойғандардың қатары артқан. Тіпті спорттың бұл түрі бұқаралық сипатқа ие болуда.
Қуандық Танабас, тілші:
- Халық арасында кеңінен танымал бола бастаған бұқаралық спорттың бірі – скандинавиялық жүріс. Кезінде скандинавиялық шаңғышылар қар болмаған кезде осы таяқтарға екпін жасай отыра жаттығу жүргізген екен. Кейін осы әдістің ерекше емдік қасиеттері анықталып, Финляндиядан тыс жерлерде тез танымал бола бастаған.
Блиц:
- Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай? Есімім – Қуандық, «24 кз» телеарнасынан боламыз. Сіздің де есіміңізді білсек?
- Менің есімім Гүлзифа апай.
- Гүлзифа ханым, біз бүгін әлеуметтік эксперимент жүргізбекпіз. Скандинавиялық жүрістің адам денсаулығына пайдасын білгіміз келеді? Жалпы, бұл спорт кімдерге арналған?
- Бұл барлығына пайдалы. Қарттарға, орта жас, өзің сияқты жігіттерге арналады. Бұл - фитнес таза ауада. 90 пайыз денеңіз қимылдайды.
- Ендеше, сіз бүгін менің нұсқаушым болсаңыз. Жаттығу әдістерін әуелі неден бастаған дұрыс?
- Тура қарайсыз, кеттік. Бір аяқ пен бір қол. Аяқ, қолыңыз барлығы қимылдайды. Бір сағаттың ішінде қаныңыз жүріп, ауа жұтасыз.
- Гүлзифа апай, өзіңіз қанша жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келе жатырсыз? Денсаулығыңызда оң өзгерістер байқала ма?
- 9 жыл бұрын денсаулығым өте нашар болды. Таблетка ішкім келмеді. Осыны таптым. Кейін денсаулығым түзелді. Мынадай кішкентай ғана таяқша көп пайда береді.
- Жалпы, «Скандинавиялық жүріс» - қарапайым адамдар үшін қаншалықты қолжетімді спорт түрі? Астанада скандинавиялық жүріспен айналысуға жағдай жасалынған ба? Осындай парктер, арнайы жүгіру жолақтары керек пе?
- Бұл ең бюжетті спорт. Әр қалада сквер, көше, парктер бар. Сонда жүруге болады. Бұл өте пайдалы.
- Гүлзифа апай, сізге үлкен алғысымды білдіремін. Денсаулығының сыр бермей, көпке үлгі болып аман-есен жүре беріңіз.
Қуандық Танабас, тілші:
- «Скандинавиялық жүрістің» ерекшелігі осы спортпен айналысқан адамның 90 пайыз бұлшық еті қимылдайды екен, мысалы адам жүгірген кезде тек 65 пайыз бұлшық еті жұмыс істейді. Сондықтан, осы спортты серік етіңіздер.
Авторлары: Қуандық Танабас, Артур Горшников