Канвон-2024: Тарихи жеңіс

Сүйінші хабар! Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасынан қоржынымызға алғашқы алтын медаль түсті.

Қазақстандық Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласын артта қалдырып, чемпион атанды. Бұл Қазақстанның қысқы жасөспірімдер олимпиадасындағы алғашқы алтыны. Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.