Биатлон: Масс-старт жеңімпаздары анықталды

Щучинскіде өтіп жатқан биатлоннан жастар арасындағы ел біріншілігінде масс-старт жеңімпаздары анықталды.

Шаңғышылар бәсекесіне Қазақстанның 9 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойыншы жасөспірімдер санатында ұлдар арасынан Артем Афанасьев қарсылас шыдатпады, ал жасөспірім қыздар арасынан Ульяна Ардалионованы шаң қаптыратын қарсылас табылмады. Сондай-ақ жастар арасындағы ерлер бәсекесінде Захар Шкарин тұғырдың бірінші сатысына көтерілді, ал қыздардан Валерия Миронова топтың алды болды.

Жалпы командалық есепті Шығыс Қазақстан облысы жеңіп алды. Екінші орында - Ақмола, үшінші орында - Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.