Боксшылар Болгарияға аттанды
Ақпан айының 2-сі мен 12-сі аралығында Болгарияның София қаласында халықаралық Странджа турнирі өтеді.
1950 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бәсекеде ел намысын 10 спортшы қорғайды. Дәлірек айтсақ шаршы алаңға 51 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Дәулет Молдашев, 57 келіде Оразбек Асылқұлов, 60 келіде Руслан Күзеубаев, 63,5 келіде Ерасыл Таңқай, 67 келіде Дулат Бекбауов, 71 келіде Талғат Шайкен, 75 келіде Нұрқанат Райыс, 80 келіде Тұрсынбай Құлахмет және 86 келі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков өнер көрсетеді. Ақпан айының соңында Италияда Париж жазғы Олимпиадасына әлемдік іріктеу турнирі басталады. Сол себепті бас бапкер Мырзағали Айтжанов Болгарияға елдің негізгі құрамын қосқан жоқ.