Қазақстан бокс федерациясының басшысы ауысты
Бокс федерациясына жаңа басшы келді.
Астанада Қазақстан бокс федерациясының дәстүрлі жылдық жиыны өтіп, оның барысында жаңа президент сайланды. Бұл қызметті енді Шахмұрат Мүтәліп атқарады. Ал, бұған дейін қауымдастықты басқарып келген Кеңес Рақышев жасалған жұмыстар бойынша есеп беріп, әріптестеріне және бокс жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Жаңа басшы Шахмұрат Мүтәліп болса, артылған зор сенім әрі үлкен жауапкершілік екенін айтты. Бұған қоса, жиын барысында, алдағы жоспар, оның ішінде Париж Олимпиадасына дайындық та сөз болды. Әсіресе дәл осы ауыс-түйіс кешенді әзірлікке кері әсер етпеу керектігін қадам айтты.
ЦИТАТА:
Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының президенті
«Бокс біздің ұлттық спортымыз. Қазақстан бокс федерациясының тізгінін ұстау мен үшін абыройлы да, жауапкершілігі зор міндет. Ел боксының туын түсірмей, қазақ боксын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінің қарсаңында команданың алдында жалғыз мақсат тұр. Бүгінге дейін қолға алынған жұмыстарды жалғастырып, дайындыққа бар күшімізді саламыз».
С. Ақмолда Азия чемпионатының жүлдегері
Ә дегеннен күміс жеңіп алдық. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күні ұлттық құрама сапындағы Сайрамкез Ақмолда жүлдеге ілікті. Ол 67 келіге дейінгілер арасында сынға түскен. Жерлесіміз жұлқа көтеруде 126, ал серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде Солтүстік Кореялық, ал, қола Тайландтық спортшыға бұйырды. Осылайша Сайрамкез ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді салды және алдағы уақытта оның қатары артуы мүмкін. Өйткені, құрлықтық дода 11 ақпанға дейін жалғасады. Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатына 34 елден 192 атлет қатысып жатыр. Оның қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының жолдамасына қажетті рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Сайрамкез Ақмолда, Азия чемпионатының жүлдегері:
Дәурен Бекмұханбетов, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Davis Cup: Қазақстан Аргентинадан ұтылды
Ұлттық құрамамыз мүмкіндікті мүлт жіберді. Күні кеше теннистен ерлер арасындағы әлем чемпионаты Дэвис Кубогінің іріктеу кезеңі өтті. Оның аясында Юрий Щукин баптайтын ұлттық командамысыз сырт алаңда Аргентина құрамасымен жолықты. Росарио қаласында өткен кездесулер сериясы аса тартысты болды. 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Сәйкесінше, қазақстандық теннисшілер финалдық кезеңге өте алмады. Енді ұлттық команда қыркүйек айында плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Егер жеңіске жетіп жатса, алдағы жылдың ақпанында дәл осындай іріктеуге қатысады. Әзірге қарсыласымыз белгісіз. Ол бірер күннен кейін жеребе тарту рәсімі арқылы анықталады.
Тимофей Скатов, ұлттық құрама мүшесі:
- Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Сырт алаңда өнер көрсету оңай емес. Десе де, бірінші және екінші күні тегеурінді қарсылық танытып, таразы басын теңестіріп отырдық. Бұған қоса командада жарақатына байланысты 2 спортшымыз кордқа шыға алмады. Соған қарамастан барымызды салып, жеңіске жетуге тырыстық.