Жүзуден жеңімпаз оқушылар елге оралды

Бангокта өткен оқушылар арасында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін жеңімпаздарды туыстары, ұстаздары мен достары Алматы әуежайынан қарсы алды. Азия аймағының барлық елдерінің спортшылары бақ сынаған чемпионатта жүзуден Қазақстан атынан 22 жас спортшы қатысып, ел намысын қорғады. Олар 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Ольга Румынская, жаттықтырушы:

- Ауа райының ыстықтығы балалар үшін қолайсыздық тудырды. Жарыс таңғы 7-де басталып, кешкі 9-да аяқталды. Балалар күніне небәрі 5-6 сағат ұйықтады. Қиындықтарға қарамастан жарыс өте сәтті өтті. Спортшыларымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Райымбек Даубаев, жүлдегер:

- Алғашында қатты алаңдадық, себебі бұл біздің командамыз үшін алғашқы халықаралық жарыс болды. Бірақ бәрі сәтті өтті. Қазақстан атынан қатысып, елімізді танытқанымызға қуанышымыз шексіз.