Олимпиадаға жолдама сарапқа салынды
Стол теннисінен Қазақстан құрамасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуы мүмкін.
Осы күндері спортшыларымыз Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуда. Егер командамыз ширек финалға шықса онда жазғы Олимпиадаға қатысады.
Владислав Цой, тілші:
- Стол теннисінен Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатына чемпионатына 40 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысуда. Қазақстанның намысын 10 адам қорғайды. Спортшыларымыздың басты мақсаты – өз тобынан шығып, финалдық ойындарда топ жару.
Қазақстан спортшылары чемпионатты сәтті бастады. Жігіттер Сауд арабиялық, ал қыздар Австралия қарсыластарын женді. Бірақ екінші ойында әйелдер командасы Австрия құрамасынан 0:3 есебімен ұтылды. Ал жігіттердің Англия мен Германияны женуге күштері жетпеді. Бірақ ерлердің топтан шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 20 ақпанда америкалық теннисшілерді жеңу қажет.
Кирилл Герасименко, үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі:
- Тарихта болмаған алғашқы 16 мықты команданың қатарына кіруге жақсы мүмкіндік бар. Мен өзім Германиядағы оқу-жаттығу жиынында болдым. Яғни, бұл да сайыста септігін тигізді, өйткені мен өте маңызды матчтарды өткіздім, бұл да біраз стрессті жеңуге және әлем чемпионатына жақсы дайындалуға көмектесті.
Біздің спортшылар арасында әлемдік рейтингтегі ең жоғары 40-орында Кирилл Герасименко тұр. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы 17 жастағы Алан Құрманғалиев кореядағы жарыста ересектермен тең ойнап, тәжірибе жинақтауда.
Дмитрий Переверзев, үстел теннисінен ұлттық құраманың аға бапкері:
- Аймақтарда балаларды қызықтыратын көптеген залдар ашылды. Бұқаралық спорт дамып, жастарда кәсіби деңгейде жаттығуға мүмкіндік бар. Қазақстанда ірі халықаралық турнирлер өтіп жатыр. Ол да стол теннисінің дамуына әсер етіп отыр. Биыл қыркүйек және қазан айларында Алматыда екі ірі халықаралық турнир өтеді.
Қазір Қазақстанда стол теннисімен 170 мыңнан астам адам айналысады. Спортқа деген қызығушылық артқан сайын,бәсеке артып, чемпиондардың да көбейетіні белгілі.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян