Қазақстандықтар киберспорттан чемпион атанды

Еліміздің xGod тобы киберспорт бойынша Қазанда өтіп жатқан «Болашақтың ойыны» жарысында «Counter-Strike 2 + лазертаг» бағыты бойынша турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Осылайша, отандастарымыз 175 мың долларлық жүлдені қанжығасына байлаған. Бұл – қазіргі бағам бойынша 80 миллион теңгеге жуық ақша. Сондай-ақ жерлесіміз Сүлеймен Оразалы «Сайыстың ең үздік ойыншысы» деп танылды. Одан басқа, біздің команда құрамында Амангелді Сейітқалиев, Айдос Қайыржан, Рүстем Телепов ойнады. Осы сүйінші жаңалығымызды маманмен сұхбатқа ұштастырсақ дейміз. Бізге тікелей эфирге Qazaq Cybersport Federation менеджері Ержан Шәкеев қосылды.