Азия чемпиондары елге оралды
20 алтын, 11 күміс және 5 қола медаль. Қазақстан құрамасы су спортынан XI Азия чемпионатында осындай медаль жиынтығын ұтып алды, деп хабарлайды 24KZ.
Филиппиндегі байрақты бәсекеде ұлттық команда Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Сонымен қатар алматылық спортшылар Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын жаңартты.
Жүлдегерлерді бүгін Алматы әуежайынан Дмитрий Баландин бастаған әріптестері, туыстары және достары күтіп алды.
Дмитрий Баландин, Олимпиада чемпионы:
- Сөз жоқ, жігіттер берілген тапсырмалардың бәрін орындады. Үздік нәтижелер көрсетті. Қателіктер болған шығар, оны спортшылармен бірге тағы пысықтаймыз. Осының өзі – үлкен жеңіс. Спортшыларымыз құрметке лайық,
Егор Попов, Азия чемпионы:
- Жаңа жылдан бастап 2 ай бойы дайындалдық. Уақыт айырмашылығына бейімделу өте қиын болды. Себебі әлем чемпионатынан келгеніміз жаңа еді. Ол жерде 3 сағаттық айырмашылық болды. Ал Филиппинге келгенде 5 сағат айырмашылықты сездік. Ең қиыны, ұйқы нашар болды. Басқа ештеңе кедергі болмады.