Түркияда XX қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды
Түркияның Эрзурум қаласында XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Шарада еліміздің туын шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сұлтан Қожахметов ұстап шықты. Халықаралық жарыста 36 мемлекеттен келген 1000-ға жуық қатысушы бақ сынайды. Есту қабілеті зақымданған спортшылар сайыс алдында аудиограммадан өтіп, қойылған талаптарға сай келетіндігін растау қажет. Байрақты бәсекеде ел намысын 26 атлет қорғайды. Дүбірлі додада тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал, керлингтен 34 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қысқы ойындар 12 наурызға дейін жалғасады.
Әділхан Өмірзақов, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының орынбасары:
- Біздің ұлттық құрамамыз бұл ойындарға үшінші рет қатысқалы тұр. Жалпы спортшыларымыз жақсы дайындықпен келді.Оқу жаттығу жиындарын өтті. Спортшыларымызға қолдау жасалды. Спортшыларымыз шахматтың блиц түрінен және шаңғыдан жарыс жолына түсетін болады. Спортшыларымыздан біз үміт күтеміз.