Михаил Кукушкин Испанияда ATP Challenger турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияның Тенерифе аралында өткен ATP Challenger турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда жерлесіміз әлемдік рейтингте 156-орында тұрған итальяндық Маттео Гигантемен сынға түсті. Бірінші сет Михаил үшін қиынға соққан жоқ. Яғни 6 да 2 есебімен басым түсті. Екінші партияны да жерлесіміз нық сеніммен бастап 2 де 0 есебімен алда болды. Алайда итальяндықтың жарақаты сыр беріп ойынды жалғастыра алмады. Сөйтіп, Кукушкин өзінің 12-жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік ол осыдан 1 апта бұрын Бахрейн турнирінде қарсылас шақ келтірмеген болатын.