Шахматтан халықаралық турнир басталды
10 елдің үздіктері елордаға жиналды.
Грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Боз кілем бәсекесі 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылды. 20 жасқа дейінгілер арасындағы жарысқа Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы балуандарын алып келді.
Бас-аяғы 234 спортшы 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жалпы қорытындысы ертең белгілі болады.
Шахматтан халықаралық турнир басталды
Танымал шахматшылар Алматы облысында бас қосты. Мұнда зияткерлік ойынның классикалық түрінен халықаралық турнир басталды. Айта кету керек, байрақты бәсеке алғаш рет ұйымдастырылып тұр. Қарасай ауданында өтіп жатқан жарысқа АҚШ, Украина, Нидерланды, Армения, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса спортшы қатысып жатыр. Араларында 12 бірдей гроссмейстер бар. Бұған қоса 20-дан аса халықаралық дәрежедегі спорт шебері де бас жүлдеге таласады. Турнирге шақырту алғандардың арасында Гиннестің рекордтар кітабына енген АҚШ гроссмейстері Тимур Гареев, Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының жеңімпазы әрі Еуропа чемпионы Александр Моисеенко сияқты спортшылар кездеседі. Қазақстанның атынан әлем чемпионы Ксения Балабаева, Азия ойындарының жеңімпазы Мұртас Қажғалиев және әлемдік доданың жүлдегері Аңсат Алдиярлар сынға түсіп жатыр. Халықаралық жарыс айналмалы және швейцар жүйесі бойынша өтеді.
Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:
- 12 адам гроссмейстер атағына таласады. Сонымен қатар екінші жарысымыз өтіп жатыр. Ол «В» турнирі деп аталады. Ол жерде классикалық ойыннан 30-ға жуық ойыншы қатысып жатыр. Сонымен қатар «С» турнирі бар. Ол жерде 200-ден астам ойыншылар қатысып, блиц түрінен жеңімпазды анықтап жатыр.
Тимур Гареев, жарысқа қатысушы:
- Қазақстанның шахмат федерациясынан осы турнирге шақырту алғаныма қуаныштымын. Блицтегі алғашқы ойыным өте тартысты өтті. Ол кездесуде мен жеңіске жеттім. Енді классикалық шахматқа кірісіп жатырмыз. Бұл – өте қиын форматтағы ойындар. Өз басым халықаралық турнирлерге үздіксіз қатысуға тырысамын. Қарсыластарымның көбі – жақында Мәскеуде өткен турнирден оралған қыз-жігіттер. Сондықтан бұл – деңгейі өте жоғары жарыс.
Қазақ күресінен республикалық турнир
Ел үздіктері анықталып жатыр. Дәл осы Қызылорда қаласында шекарашылардың бәсекесінен кейін Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметі бөліністері арасында да қазақ күресінен республикалық турнир басталды. Екі күн бойы өтетін жарысқа 18 команда қатысып жатыр. Яғни 150-ден аса спортшы жиналды. Енді олар 7 салмақ бойынша сынға түседі. Қазір ұлттық спорттың осы түріне ден қойған құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатары артып келеді. Осындай шаралар қызметкерлердің дене дайындығы мен рухын көтеруге сеп болады, – дейді ұйымдастырушылар.
Қуат Құттымбет, ҚР ІІМ арнаулы күзет қызметі басқармасының аға инспекторы:
- Бұл турнирге Мамандандырылған күзет қызметінің ең мықты спортшылары қатысып жатыр. Олардың арасында 10 спорт шебері, 17 спорт шеберлігіне үміткер бар. Мұнан бөлек, 25 палуан түрлі спорттық дәреже иеленген. Жарыс жеңімпаздары күш құрылымдарының ведомоствоаралық біріншілігіне жолдама алады.
Күрестен «Шекара барысы» анықталды
Шекара барысы. Дәл осындай атаумен Қызылордада қазақ күресінен Шекара қызметіндегі спортшылар арасында республикалық турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа 17 команда мен 150-ге жуық әскери қызметкер қатысты. 7 салмақ бойынша белдескен қазақ күресі шеберлерінің сайысын «Түйе палуандар» текетіресі қыздырды. Сыр өңірінде жайылған боз кілемде алысқан апайтөс алыптар бәсекесінде Абай облысының шекарашылары бәрінен басым түсті. Күміс белбеуді жамбылдық әскерилер олжалады. Ал үздік үштікті Оралдан келген палуандар түйіндеді. Ел іргесін күзетіп жүрген қырағы ұландар арасындағы спорттық дода алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізілмек.
Серік Әбусұлтанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі аймақтық департамент бастығының орынбасары:
- Айтуға өте маңыздысы, қазақ күресінен мынандай турнир Шекара қызметінде алғаш рет өткізіліп жатыр. Осындай өткізу мәртебесі біздің облысқа тапсырылыпты. Соны ойдағыдай өткізіп жатырмыз деп ойлаймын.
Жаңа спорт түрінен халықаралық турнир
Шымкентте ерекше спорт түрінен халықаралық турнир басталды. Жауынгерлік жекпе-жектің заманауи ұрыс тәсілдерін қамтығын байрақты бәсекеге еліміздің 8 өңірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Корея, Түркия мемлекеттерінен мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Төрт күнге жоспарланған жарысқа 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар шақыртылған. Осымен әлем кубогын сарапқа салған сайыс екінші рет өткізіліп отыр. Биыл мүгедектігі бар жандар да арнайы кешенде сауықтыру курсынан өтіп, жауынгерлік даярлығын сынап көріп жатыр. Сонымен қатар найзамен, таяқпен семсерлесу арқылы физикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ұйымдастырушылар тарапы жылдамдық пен төзімділік, тапқырлық танытқан шын мықтылар ғана үздік шығатынын айтады.
Бехруз Анарматов, жарысқа қатысушы:
- Бұл спорт бізді жан-жақтылыққа үйретеді. Қолмен ұруды, аяқпен тебуді үйретеді. Маған өте қызық осы спорт. 6 жыл болды қатысып жүргеніме. Келгендердің бәрі мықты. Мен өзбекстандықпен шықтым.
Дементий Тигай, жарысты ұйымдастырушы:
- Бізде кем дегенде әр жарысқа 500 қатысушы жиналады. Өйткені бұл – түркі жұртының жекпе-жегі. Қазіргі таңда бұл спорт түріне қызығушылар қатары артып келеді. Ресейден, Украинадан да федерация құру туралы ұсыныс түсіп жатыр.