Ат жарыстан әлем кубогі. LIVE

Дубайда ат жарысынан әлем кубогі өтіп жатыр.

Бұл Біріккен Араб Әмірліктерінде 28-і мәрте ұйымдастырылған атшабыс. Онда қазақстандық шабандоз Бауыржан Мырзағалиев өнер көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, әлемдік ат жарысына қазақстандық сәйгүлік Кабирхан да қатысып жатыр. Дәл қазір Dubai World Cup – 2024 шарасы өтіп жатқан алаңнан тілшіміз тікелей байланысқа шығып тұр. Бәйгеге қай елдер қатысып жатыр?

Бибігүл Нысанбаева, тілші

- Жалпы, жарысқа бүгін 14 мемлекеттен 123 тұлпар қатысып отыр. Кабирхан кешқұрым осы жерде әлемнің ең үздік 11 бәйге атымен жарысады. Өздеріңіз білесіздер,  Кабирхан Дубайда өткен жарыста екі рет бәйге шапты, екеуінде де бірінші болып келді. Сондықтан осы спортты жақсы білетіндер, жақсы көретіндер бүгін өтіп жатқан әлемдік чемпионатта Қазақстан атынан қатысып отырған тұлпарға зор се2нім танытып отыр. Бүгін де бірінші келіп, хет трик жасайды деген үміт бар. Қатысушылар арасында жеребе тартылды. Кабирхан 2-жолақпен, алаңға 6 нөмірімен шығады. Төрт жастағы сәйгүлік ат Дубай уорлд кубогіне алғаш рет қатысып отыр. Алайда, атап өту керек, оның «әкесі» Калифорниялық Chrome осы бәйгеде 2016 жылы бас жүлдені ұтқан екен. Дубай кубогі әлемдегі ең қымбат ат жарысы. Биыл жалпы жүлде қоры 30 миллион доллардан асады. Атшабысты көруге келгендер арасынан ең әдемі қалпақ киіп келгендеріне сый жасалды. Міне, қазір  аттар 1900 метрге шауып жатыр. Негізі осындай 1-топтағы алты және 2-топтағы үш жарыс өтіп жатыр. Әлемдік ат жарысының қазақстандықтар үшін ең маңызды тұсы – турнирде қазақстаннан шыққан кәсіби шабандоз Бауыржан Мырзабаевтың қатысуы. Бауыржан Мырзабаев бүкіл Еуропаға танымал қазақстандық жокей жігіт. Ол Чехияның үш дүркін және Германияның төрт дүркін чемпионы. Жокейлер арасындағы Еуропа чемпионатында Қазақстан атынан қатысып, екі рет жеңімпаз атанған. Кәсіби жокей бүгін Дюра Эреде жапон атымен алаңға шыққалы тұр.

Бауыржан Мырзабаев, кәсіби жокей:

- Сол World Cup өзіне шабамын мен. 0256 Өзіме келсем, өткен жетіде жиырма бәйгеге қатысқам. Сондықтан да ол форма ешқайда кетіп қалмайды. Ал атта бәрі жақсы, аман есен ұшып келді. Бүгін ертеңгісін бәрі жақсы атқарды. Енді мұндай жерде үлкен үміт күту, қатты сену өте қиын. Өйткені өте ауыр жарыс болғандықтан, мен он жылдан аса жүргеннен кейін білемін оны. 0338 Бұйырғаны болады.

Тілек Мұқанбетқалиев, Кабирханның иесі, атбегі:

Бибігүл Нысанбаева, тілші:

Біз әлі де Мейдан ипподромынан хабар таратамыз. Ең басты тартыс Астана уақытымен кешкі сағат 21:30-да басталады.