«Күшіміз – бірлікте». Футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға спортшылар да бей-жай қарап жатқан жоқ.
Мәселен, футболшылар «Күшіміз бірлікте» деген жейде киіп шығып, билеттен түскен қаржыны мұқтаж жандардға аударуды жөн көрген.
Футболдан Қазақстан жоғарғы лигасы
«Күшіміз – бірлікте». «Ақтөбе» - «Жеңіс» матчына алаң иелері осындай жейдемен шықты.
Қазақстан жоғары лигасының 3-тур аясындағы ойын Ақтөбе қаласында өткен еді. Жергілікті футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау тынытып, тіпті, билеттен түскен қаражатты да төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады.
Ал матчтың өзі алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. «Ақтөбе» ойыншылары бірінші кезеңнің өзінде 2 гол соғып үлгерді. Авторлары – Максим Самородов пен Идрис Умаев. Ал екніші кезеңде Дорни Ромеров мергендігімен көзге түсіп, қорытынды нәтижені 3:0-ге жетікізді.
Осылайша «Ақтөбе» 3 турдан кейін 6 ұпай жинап, турнир тізімінің 3-сатысына жайғасты.
Футбол. Қаптаған келімсек.
Футболдан Қазақстан жоғарғы лигасы аясындағы кезекті матч, яғни, «Астана» мен «Елім-ай» арасындағы кездесу әлеуметтік желіде қатаң сынға алынып жатыр.
Өтйкені, қос команда да жасыл алаңға легионерлерді шығарды.
Айта кетейік, осы маусымнан бастап елімізде шеттен келетін футболшыларға лимитті алып тастаған болатын. Ал енді оның салдары жанкүйерлердің ашуын туғызып отыр.
Матчтың өзіне келер болсақ, 0:1 есебмен аяқталды. Жалғыз голды соңғы минуттара қосалқы құрамнан шыққан Роман Мұртазаев соқты. Ол қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланды.
Осылайша «Елім-ай» сенсациялық жеңіске жетті. Өйткені, «Астана» премьер-лиганың күміс жүлдегері, ал «Елім-ай» жоғарғы лигаға енді ғана қосылды. Соған қарамастан, Абай облысының командасы алға шығып отыр.
Бұдан бөлек, кезекті тур аясында «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасыны», «Жетісу» «Атыруды», ал «Тұран» «Шахтерді» ұтты.
Бұған қоса, «Қызылжар» мен «Тобыл» кездесіп, матч 0:0 есебмен аяқталды. Келесі тур ойындары 6-7 сәуір күндері өтеді.
Miami open: Рыбакина финалда ұтылды
АҚШ-тың Майами қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық Елена Рыбакина мен америкалық Даниэль Коллинз бас жүлдені сарапқа салған болатын. Матч 2 сағат 2минутқа созылды. Нәтижесінде, алаң иесі 7:5 және 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, қос мықты осымен 5-мәрте жолығып тұр. Оның үшеуінде Рыбакина басым болды. Яғни, жалпы есеп әзірге 3:2.
Айта кетейік, Рыбакина былтыр да дәл осы Майамидегі турнирдің финалына шығып, ақтық сында чехиялық Петра Квитоваға жол берген болатын.
Қазақстандық теннисші қазір әлемдік рейтингте 4-сатыда тұр. Майамидегі жетістігінен кейін осы орнын сақтап қалады.
Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралады
Қазақстандық боксшы сәуірдің аяғында Алматыда өтетін жекпе-жек кешіне қатысады.
Бұл жөнінде танымал спорт комментаторы Уалихан Қосанбай мәлімдеді.
Данияр 27 сәуір күні халықаралық бокс федерациясы ұйымдастыратын «Чемпиондар түнінде» бақ сынайды. Кезекті қарсыласы да белгілі. Ол Өзбекстан өкілі Сайджамшит Джафаровпен жолығады.
Жекпе-жек 71 келіге дейінгі салмақта өтеді және 10 раундқа созылады.
Айта кетейік, Данияр соңғы рет былтыр желтоқсан айында Астанада дәл осындай форматтағы жекпе-жек кешіне қатысқан болатын. Ол кезде оңтүістік африка республикасынан келген Джабулани Макхенсені ұтты.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2 жылдық үзілістен кейін қайтадан шаршы алаңға оралып, кәсіпқой бокста қолғап түйістіріп жүр. Ол 2021 жылдың желтоқсан айында IBO тұжырымы бойынша орта салмқатағы әлем чемпионы атанған еді. Бірақ, кейін оны қайтрауға мәжбүр болды. Себебі, белдікті қорғайтын кездесулер ұйымдастырылмады.
Лицензиялық жарысқа дайындық
Сұрмергендер лицензия санын арттырмақ. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун мәлімдеді.
Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер дәл қазір Шымкентте дайындықты пысқытап жатыр. Олар алдағы жексенбіде Бразилияға аттанады. Ол жақта лицензиялық әлем кубогы өтеді. Байрақты бәсеке 11 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетейік, қазір ұлттық құрама қоржынында 5 жолдама бар. Оны Ислам Сәтбаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ли және Никита Чирюкин сияқты спортшылар жеңіп алды.
Қазақстандық федерация о баста Париж олимпиадасына 4 лицензия иемденуді көздеген еді. Бірақ, спортшылар жоспарды асыра орындады. Сәйкесінше, енді жолдаманың жалпы санын 7-еуге жеткізу туралы жаңа мақсат қойылды. Егер оны орындай алса, қазақстандық сұрмергендер тарихта алғаш рет 7 спортшымен жазғы ойындарға қатысады. Яғни, өзіндік рекорд болмақ.
Аслан Қаженов, 24.KZ