Төрехан Сабырхан — ең үздік боксшы
Төрехан Сабырханға ерекше тоқталып өтуге болады.
Ұлттық құрама өкілі осымен 4-ші мәрте Азия чемпионы атанып отыр. Бұған қоса, екінші жыл қатарынан Азия чемпионатының «ең үздік боксшы» номинациясын жеңіп алды. 67 келіде өнер көрсететін шымкенттік былғары қолғап шебері финалда өзбекстандық Мухамедазиз Исмаиловпен жолықты. Жекпе-жек жерлесіміздің айқын басымдығымен өтті. Қорытынды есеп – 5:0. Төрехан алдағы жылы ересектер санатына ауысады және отандық бокс мамандары дәл осы жігіттен үлкен үміт күтеді. Тіпті биылдың өзінде Париж олимпиадасына қатысуға үміткерлер тізімінде болған. Бірақ жасының жетпеуіне байланысты іріктеу бәсекесінде өнер көрсете алмады.