Дзюдодан әлемдік гранд-слэм: 12 дүркін әлем чемпионы келе жатыр

Бірер күннен кейін Астанада дзюдодан әлемдік гранд-слэм өтеді.

Бұл – Париж олимиадасы алындағы соңғы рейтингтік жарыстардың бірі. Осыған байланысты жапон жекпе-жегінің небір мықтылары елордадағы татамиге шығады. Олардың арасында 3 дүркін олимиада әрі 12 дүркін әлем чемпионы франциялық Тедди Ринер бар. Бұған қоса Рафаэль Сильва, Ан Баул, Акира Соне, Криста Дегучи және Джордж Фонсека сияқты олимпиада мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары да бағын сынайды. Бас-аяғы 92 елден 500-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Ал Қазақстан атынан Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев және Ғалия Тынбаева секілді әлемдік жарыстардан жүлде алып жүрген қыз-жігіттер өнер көрсетеді. Жалпы еліміз жарысты қабылдаушы ретінде әр салмақ дәрежесінде төрт спортшыдан шығаруға құқылы. Әлемдік гранд-слэмнің өзі 10-шы мамырда басталып, 12-ші мамырға дейін жалғасады.