Олимпиада алауы Францияға жетті
Олимпиада алауы Грекиядан Францияға жетті.
Салтанатты іс-шара кезінде 6 мыңнан аса тәртіп сақшысы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Енді дүбірлі доданың нышаны Марсель кемежайынан бастап, Францияның 400 қаласымен жүріп өтеді. Эстафетаға 10 мыңдай спортшы қатысады. 2 айдан кейін алау Парижге жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына жеткізіледі. Іс-шара 26 шілдеге белгіленген.