Дзюдодан әлем чемпионаты: екінші күн сәтсіз аяқталды
Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін бозкілемге шыққан 5 отандасымыздың бесеуі де алғашқы қарсыластарына жол берді. 60 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев израильдік спортшыға есе жіберсе, Жанарыс Рахметқали Франция балуанынан ұтылды. Ал 73 келіде күрескен Бақытжан Әбдірахманов неміс дзюдошысынан айласын асыра алмаса, жарысты екінші айналымнан бастаған Данияр Шамшаев молдовалық спортшыдан жеңілді. Сондай-ақ әйелдерден 57 келіде сынға түскен Бақыт Құсақбаева әзербайжандық Асель Топрактан ескерту саны бойынша ұтылды.