Миланда ағаш кесуден әлем чемпионаты аяқталды

Италияның Милан қаласында ағаш кесуден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Дәстүрлі додада биыл да жаңазеландиялық Джек Джордан бас жүлдені иеленіп, рекорд орнатты. Бұл оның осымен үшінші жыл қатарынан турнирдің жеңімпазы атануы. Экстремалды спорттық жарысқа дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 16 қатысушы келіп бақ сынады. Турнир тәртібі бойынша қатысушылар ара және балтаны жылдам ғана емес, сонымен бірге дұрыс қолданудан сайысты.