Қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Парижге жетті
Қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Олимпиада ойындарына қатысу үшін Францияның Париж қаласына жетті.
Олардың қатарында 25 шілде күні жарысты бастайтын садақ ату шеберлері де бар. Ұлттық құрамадан спорттың 25 түрінен 80 спортшы қатысады. Олимпиада ауылы Париждің солтүстігінде орналасқан. Аумағы 52 гектар. Елді мекенде 40 тұрғын үй бар. Сондай-ақ жаттығу корпустары, емхана, асхана сынды қажетті нысандар орналасқан. 14 мыңнан астам адам тұрады. Оның 9 мыңы атлеттер. Олардың көңіл көтеруіне арналған клубтар да бар. Команда үздіктерінің бірі Ильфат Абдуллин кішігірім репортаж жасап, көрермен назарына ұсынды. Оның айтуынша, тұрғын үйлер жайлы әрі ыңғайлы.