Көшпенділер ойындарында Оңтүстік Корея құрамасы тоғызқұмалақтан сайысқа түседі

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Оңтүстік Корея құрамасы тоғызқұмалақтан  сайысқа түседі, деп хабарлайды 24kz.

Олар сондай-ақ қазақ күресі, түріктің «мангала» Африканың «оваре» спорты бойынша да бақ сынайды. Ал тоғызқұмалақ үйірмесі Кореяда осыдан бес жыл бұрын пайда болыпты. Содан бері ұлттық ойынға қызығушылар саны артып келеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын оңтүстіккореялық спортшылармен тілшіміз Владислав Цой кездесті.

Владислав Цой, тілші:

- Тоғызқұмалақтың алғашқы үйірмесі Оңтүстік Кореяда 5 жыл бұрын пайда болды. Оның негізін қалаушы зияткерлік ойындарды ұнататын Пе До Хон. Ол интернетте осы спорт түріне арналған керек-жарақтарды интернеттен сатып алған. Ал 2020 жылы Пе мырза Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясынмен байланыс орнатады. Олар Пе До Хонға Сеулдегі елшілік арқылы ойынға арналған 10 тақта жібереді. Қазір қазақтың ұлттық ойынына қызығушылық артқан. Кёнги провинциясының Коян қаласында үйірме жұмыс істейді. Мұнда негізінен математиканы терең оқитын мектеп оқушылары келеді. Ал тоғызқұмалақ логиканы дамытып, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Пе До Хон, Кореядағы тоғызқұмалақ ойынының негізін қалаушы:

- Тоғызқұмалақтың құндылығы – үнемі санап, қимылдарды жоспарлап, жалпы санды білу қажет. Ойын қол моторикасын қатты дамытады. Кореядан Астанаға тоғызқұмалақтан 4, түрік мангаладан 4, африкалық оваредан 2 қатысушы аттанады. Бұл ойындардан бөлек, қазақтың асық ату ойынына қатты қызығамын, өйткені ол корейлердің дәстүрлі ойынына өте ұқсас және оны мектепте оқытуға болады.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне байланысты тоқызқұмалаққа деген қызығушылық артты. Өйткені жарыстарға қатысу ойын деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар ел жер көруге жақсы мүмкіндік.

Джин Бён Чон, кәсіпкер:

- Бір досым мені тоғызқұмалақ ойынымен таныстырып, Қазақстанда жарыс өтетінін айтты. Мен бұл ел туралы естігенмін, бірақ ешқашан болған емеспін. Көшпенділер ойындары – мәдениет пен халықты тану үшін жақсы мүмкіндік, сондықтан мен қатысуды жөн көрдім. Мен үстел ойындарын көп ойнадым, бірақ тоғызқұмалақ көп зейінді қажет етеді, басқалардан қиынырақ болғасын маған қатты ұнайды.

Владислав Цой, тілші:

- Үстел ойындары бойынша корей командасының 10 мүшесі Қазақстанға алғаш рет барады. Олардың көпшілігі кәсіпкерлер, сондықтан байқауларға қатысумен қатар Астанада іскерлік келіссөздер жүргізуге ниетті. Олардың мәдени жоспарлары да бар – олар қазақ корейлері көп тұратын аймақтарға барып танысқысы келеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян