Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады / өзбекстандық бапкер

Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері аса ауыр салмақтағы қос мықты, яғни қазақстандық Иван Дычко мен өзбекстандық Бахадүр Жалолов кәсіпқой рингте кездесуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.

Осы тұрғыда Жаловтың жаттықтыратын маманы өз ойын алға тартқан болатын. «Иван Дычко бабында тұрған кезде біздің жас боксшымыз Жалоловты жеңген еді. Ол кезде Жалолов ересектер санатына жаңадан қосылған болатын. Мен Дычконы сыйлаймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Егер жекпе-жек өтетін болса, онда Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Боксты түсінетіндердің барлығы Жалоловтың қазіргі деңгейін біледі», - деді Толқын Қылышев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Өзбекстандық Баходир Жалолов та кәсіпқой рингте 14 рет жұдырықтасып, бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Бұған қоса, ол жуырда ғана Париждегі жазғы ойындарға қатысып, 2 дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Дычко мен Жалолов әуесқой бокста өзара төрт рет кездесіп, төртеуінде де жерлесіміз жеңіске жетті.