Қазақстан – Норвегия кездесуі. Есеп: 0:0
Алматының Орталық стадионында УЕФА-ның Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия құрамаларының кездесуі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Ұлттық құраманы қолдауға жанкүйер көп жиналып, стадион лық толды. Сұрмерген шабуылшы Эрлинг Холанн бастаған скандинавиялықтар матч бастала сала допқа иелік етті. Алайда біздің ойыншылар оларға дес бермей, бірінші тайм тартысты өтіп, таблодағы есеп ашылмады. Екінші таймда Қазақстан құрамасы алға ұмтылып, шабуылды үдетті. Жерлестер қолдауы команданы жігерлендірді. Ойынды ширату үшін бапкерлер футболшыларды алмастырды. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Енді Қазақстан келесі ойынды Словениямен өткізеді.