Көшпенділер ойындарында 300 төреші қызмет етеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300-ден аса төреші төрелік етеді, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін бас қалада қазылар алқасының кеңесі өтті. Келелі жиынға әр спорт түрінің бас төрішелері мен хатшылары қатысты. Онда дүбірлі доданың ережелірі таныстырылды. Төрткүл тарап көз тіккен байрақты бәсекеде әділдік пен ашықтық басты назарда болады. Көшпенділер ойындарының бас төрешісі Тастанбек Есентаев осылай дейді. 

Тастанбек Есентаев, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас төрешісі:

- Біздің мақсат-міндетіміз – 21 спорт түрінен бас төрешілер болады, бас хатшылар болады, солардың жұмыстарын үйлестіру, оларға жағдай жасау, жарыс өтетін жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы төрешіліктің әділ өтуі барлық жерде. Егер төрешілердің, спортшылардың шағымы болатын болса, соны 1 сағаттан асырмай қарап, оның шешімін оларға айту.