М. Шайдоров Гран-при жарысында күміс жүлдегер атанды
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров күміс жүлдеге ие болды. Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при жарысында жерлесіміз қысқа бағдарламада 93.21 ұпай, ал еркін сайыста 182.96 балл жинады.
Қос жаттығу қорытындысы бойынша 276 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. 15 елден 60 спортшы бақ сынаған бәсекеде жапониялық Шун Сато жеңіске жетті. Үздік үштікті француз спортшысы түйіндеді. Былтыр ұлттық құрама көшбасшысы Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған болатын.