Қазақ күресінен әлем кубогі басталды
Жалпы есепте бірінші орындамыз.
Грекияның Салоники қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогы өтті. Оған 29 елден 300-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында қазақстандық ұл-қыздар да бар. Олар жарыс барысында 8 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни, құрлықтық дода қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. Атап айтқанда, алтын жүлдені қыздар арасында 48 келідегі Гүлхан Шыңғысхан мен ұлдар арасында 81 келіде белдескен Расул Мұқым жеңіп алды. Бұған қоса, Даниял Сейілхан, Алтынбек Қонысбай және Әсел Русланова сияқты спортшыларымыз финалда ғана қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Нұрдос Досберген, Марғұлан Игілік және Әділжан Жаудинов өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеп, қола жүлде иеленді.
Таеквондодан ел үздіктері анықталды
Алматы облысы
Ел үздіктері анықталды. Алматы облысында таеквондодан, таеквондоның олимпиадалық бағытынан ересектер мен кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ішкі біріншілікке еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан қазылары төрелік еткен жарыста 63 келіде өнер көрсеткен Самирхон Абабакиров қарсылас шыдатпады. Ол финалда Нұрбек Ғазезден басым түсті. Қос мықтының айқасын көпшілік тағатсыздана күткен еді. Дәл осылай, Бегзод Қадірқұлов, Дамир Шуленов, Бауыржан Хасенов, Нұрлан Мырзабаев, Тамирлан Тілеулес, Бекасыл Ергеш және Батырхан Төлеуғали өз салмақ дәрежелерінде ел чемпионы атанды. Ал әйелдер арасында 53 келіде Азиза Қаражанова, 57 келіде Мария Севостьянова және 73 келіден жоғары салмақта Меруерт Тікебаева жеңімпаз болды. Бұған қоса, Айдана Құмартаева, Айша Әділбекқызы, Назым Махмұтова, Нодира Ахмедова және Нұрай Құсайынова да өз салмақтарында алтын жүлдеге қол созды. Жеңімпаздар алдағы жылы өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.
Айзат Қарашашев, Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы:
- Біздің спорт түріміз Қазақстандағы ең 5 приоритет дейміз ғой, сол приоритетный спорт түрлерінің бірі болып саналады. Жалпы спортшыларымыздың деңгейі жоғары. Біздің спортшыларымыз енді барлық олимпиадаға қатысып жүр. Лицензия алып жүр. Біздің барлық спортшылар анықталады, содан кейін олимпиадаға Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастаймыз.
Н. Асханов: Мықты мамандарды біріктіру керек
Алматы облысы
Мықты мамандарды біріктіру керек. Таеквондодан Қазақстан чемпионатынан кейін жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Нұрдәулет Асханов осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір ересектер арасындағы ұлттық құраманың бас бапкерін таңдау процесі жүріп жатыр. Бұл жолы Қазақстан таэквондо федерациясы барлық үміткерге өз кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік берді. Нәтиждесінде, тізімге 8 адам кірді. Енді жақын күндері соның бірі ресми түрде бас бапкер ретінде бекітілуі керек. Ұлттық құраманың тізгінің кім алса да, еліміздегі басқа да білікті бапкерлердің басын біріктіріп, қолда бар әлеуетімізді ел игілігіне толыққанды пайлану маңызды дейді Нұрдәулет Асханов.
Нұрдәулет Асханов, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері:
- Менің ойымша, келетін адам бәрін ашық та анық жасау керек. Екіншіден, ауызбіршілік қалыптастыру керек. Ол өте маңызды. Сонда ғана алыс жаққа бара аламыз. Бас бапкер жақсы-жақсы мамандарды қасына алып, бір бапкерде тактикалық-тиехникалық тұрғыда, бір бапкер жалпы дйындық тұрғыда, біреуі қағзбастылық тұрғыда мықты болады. Солардан жақсы бір команда жиналса, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Сепбебі, қазақ бапкерлері әлемдік деңгейде өте жақсы. Бас бапердің міндеті барлығын бір жерге жинап, бір жанұя қылу ғой.
Қазақ күресінен әлем кубогі басталды
Түркістан
10 елдің үздіктері Түркістанда бас қосты. Бұнда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Әлем кубогі басталды. Дүниежүзілік додаға Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолия сияқты елдерден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Тартысқа толы жарыстың бірінші күні палуандар 5 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Ал, екінші күні 3 салмақ дәрежесіндегі жүлделер сарапқа салынады. Сонымен қатар «Түйе балуан» бәсекесінің жеңімпазын да анықтайды. Жеңіске жеткен балуандарға 500 мың теңгеден беріледі. Екінші орынға 300 мың, ал, үшінші орынға 200 мыңнан қаржылай сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ «Түйе балуанға» темір тұлпардың кілті табысталады. Айта кетейік, қазіргі таңда 40-тан аса елде қазақ күресінен федерациялар құрылып, секциялар ашылып, кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын ұлттық спортымыздан Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп тұрады.
Ерасыл Бақытғалиұлы, жарысқа қатысушы /Ақтөбе облысы/:
- Алғашқы белдесуім Монғолияның атынан шыққан қазақ бауырым болды. Әрине оңай болған жоқ. Бұл белдесуді сол қолды басып, жамбас әдісіне түсіріп кетемін деп ойлағам. Бірақ әдәсім шықпай, сосын белдесу әдісінде қол шығару әдісімен жеңіске жеттім.
Самат Рыспеков, жарысты ұйымдастырушы:
- Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогы 3 рет болып жатыр. Біздің мақсатымыз Олимпиада, Азия ойындарына қатысу, соның бастамасы деп білемін осыны. Енді қазір Еуропа елінен грузиндер жақсы, әзербайжандар да жақсы, Польшадан келіп жатыр. Жақын елдерден Қырғызстан, Монғолия да жақсы. Жаймен дамып келеміз.