Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді.

Заман талабына сай ғимараттың ашылуына бапкерлер мен спортшылар және қала тұрғындары қатысты. Нысан құрылысына жергілікті бюджеттен 2,7 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ қайырымдылық қорынан технологиялық құрал-жабдықпен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 500 млн теңге бөлінді. Спорт кешенінің ашылу салтанатында Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын айтып, тілегін жеткізді. Енді мұнда бокс, қазақ күресі, грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, таэквондо, каратэ, үстел теннисі және ойын спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік бар. 300-ден астам жанкүйер сиятын көрермен залы, жаттығу залдарымен қамтылған. Республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге болады.

Бақтияр Артаев Афин Олимпиадасының чемпионы:

- Осындай батырламыздың атына үлкен сарай салынып жатыр. Өте қуаныштымын. Осы жерден талай Бекзаттар шығады деген ойда емес, нақты сенімдемін. Білемін. Осы тұрған жігіттердің бәрі лайықты. Туғанбай Сағындықов бауырымыз тұр міне.  Осы жігітке айтып жатырмын.  Құдай қала чемпион боласың. Осы жігіт лайықты жігіт. Осы залдан шығып жатса таңқалудың қажеті жоқ. Бекзат ағамыздың әруағы бір аунап тұрған шығар. Түркістаннан чемпионнан шығады, оған сенеміз.