Ақтөбеде елдегі ең үлкен стадионның құрылысы басталады
2025 жылы елдегі спорттық инфрақұрылымды реттеуге де ерекше мән берілмек. Мәселен, Ақтөбеде көпфункционалды стадионның құрылысы басталады. Су жаңа арена 35 мың жанкүйерге арналған. Сәйкесінше еліміздегі ең ірі жасыл алаң болмақ. Оның жобасымен осыдан бір ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары барысында танысқан болатын. Ал бүгін облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында құрылыстың басталатындығы туралы ақпарат шықты.
«35 мыңнан аса көрерменді сыйдыратын жаңа стадион спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған маңызды орынға айналады. Өңіріміздің спорттық әлеуетін арттырады. Қаламыздың мәдениеті мен спорты жаңа белеске көтеріледі», делінген арнайы хабарламада.