СҚО-дағы Бескөл ауылында жабық хоккей корты салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында осы айдың соңына дейін заманауи жабық хоккей корты тапсырылады.

Оның құрылысына республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінген. Қазір спорттық нысанның шатыры жабылып, ойын алаңы құрастырылайын деп жатыр. Жұмыс барысымен өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат және Мәжіліс депутаттары танысты. Сонымен қатар олар мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған медициналық ұйымдарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Халықтың өтініш-тілегін тыңдап, жаңа заң жобаларын айтып түсіндірді.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ең бастысы, халықпен кездесуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте заң шығарушы органның атқарып жатқан жұмысымен таныстыру. Қандай заңдар қабылданып жатқандығын және алдағы уақытта қандай мәселелерге ерекше назар аударымыз керек сол жайында әңгіме болып жатыр.