Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды
Жалпы есепте екінші орындамыз.
Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Биылғы байрақты бәсекеде ұлттық құрама өкілдері күн сайын жеңіс тұғырына көтеріліп, тіпті тарихи нәтиже де тіркеді. Қазақстандық спортшылар бас-аяғы 4 медаль, яғни 2 алтын және 2 күміс жеңіп алды. Алғашқы алтынды параллельді могул бағытында Анастасия Городко иемденді. Одан кейін дәл осы Анастасия фристайл-могулда күміске қол созды. Ал аралас командалық сайыста қазақстандық Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы екінші орынға тұрақтап, тағы бір күміс жеңіп алды. Ал фристайлдың акробатика бағытында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, 104.52 ұпай жинады. Соның арқасында әлем чемпионы атанды. Дінмұхаммед жетістігі отандық спорт үшін тарихи нәтиже саналады. Сонымен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2-ші орынға жайғасты. Бірінші орында қытайлық спортшылар болса, жапониядан келген қыз-жігіттер үздік үштікті түйіндеді.
Д. Қасқарауов: Спорттық нысандар қолжетімді болу керек
Мемлекеттің қаржысына салынған спорттық нысандарды концерттер мен көрмелер өткізуге емес, жаттығулар мен жарыстар өткізуге қолдану қажет. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов мәлімдеді. Ол Алматы қаласындағы бірнеше спорттық инфрақұрылымды арнайы аралап, жағдайымен танысты. Көпшілік көкейінде жүрген мәселелерді көтерді. Әсіресе осы нысандар жергілікті жұртқа барынша қолжетімді болу керектігін алға тартты. Әйтпесе жалға алу ақысын шарықтатып, оны басқа мақсаттарда пайдаланатын басшылар бар. Алдағы уақытта осы проблеманы жіті назарда ұстаймын деді депутат.
Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Барселона» - Испания суперкубогінің иегері
«Барселона» Испания супекокубогын жеңіп алды. Бүгін түнде футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен матч болды. Испания кубогының бас жүлдесін котолондық «Барселона» мен мадридтік «Реал» сарапқа салған болатын. Тартысты өткен кездесу 5:2 есебімен аяқтады. «Барселона» сапынан Диас Рафинья екі рет мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Бұған қоса Ламин Ямаль, Роберт Левандовский және Алехандро Бальде мергендігімен көзге түсті. Ал «Реал» қатарынан Килиан Мбаппе мен Гоес Родриго бір-бір голдан соқты. Ірі есеппен жеңіске жеткен котолондық клуб осымен 15-мәрте суперкубокті иемденіп отыр. Бұл өзіндік рекорд саналады. Ал «Реал» өз тарихында 11 рет бас жүлдені жеңіп алған болатын.