Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды
Хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығады. Бұл жайлы Туризм және спорт министрі мәлімдеді. Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын команда құрамы белгілі болғанын айтты.
Азия ойындарына бас-аяғы 138 спортшы қатысып, 31 медаль жиынтығын сарапқа салады. Әсіресе биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ хоккейшілерге үлкен үміт артылады.