Атырауда «ABAY GYLYM FEST» отбасылық ғылыми фестивалі өтті
Жас ғалымдарға арналып, Абай орталығында өткен шарада білім берудегі STEAM тәсілдері саласында ғылыми-танымдық дәрістер, интерактивті сессиялар, воркшоптар және білім беру жобаларының көрмелері өтті.
Іс-шара Атырау қаласының жастарды дамыту бастамасы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған еліміздің 6 облысынан 100-ге тарта оқушы қатысып, ғылыми еңбегін ортаға салды.
Атырауда өткен оқушылар фестивеліне қатысушылар 3 түрлі сайыстан біліктілігін сарапқа салды. Атап айтқанда: оқушылардың ғылыми жобалар байқауы, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған интеллектуалды сайыс және «мега-сумо» бойынша робототехникамен айналысатын балалар байқауы. Соның ішінде робототехникаға оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.
Мақсат Медет, жас өнертапқыш /Қызылорда/:
- Осы робототехникамен айналысып жүргеніме 2 жылдай болды. Бұл жарыста мен роботтық бағдарламаның қалай құрылатынын үйрендім. Әлі де робототехниканы әрі қарай жалғастырғым келеді.
Фестивальде аясында ата-аналар мен мектеп оқушылары, жасөспірімдер және SТЕАМ саласына қызығушылық танытып жүрген тәлімгерлер мен білім беру саласының мамандарына арналған 10 танымдық секция жұмыс істеді. Жалпы жас ғалымдар сайысына еліміздің 6 өңірінен 55 команда қатысты.
Салтанат Ноғайбаланова, жоба менеджері:
- Бұл балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Креативті дейміз ғой, балалар өздерінің 21-ғасырдың кілттік компетентцияларын осылай «СТЕМ» білім беру әдісі арқылы дамыта алады. Сондықтан осындай жаңашыл методпен оқыған балалар қабілетті болады.
Жас дарындарды ғылымға бағыттауда Абай орталығы көптеген кешенді жобаларды жүзеге асырды. Былтыр 2,5 мыңнан астам оқушы 16 бағдарлама аясында тегін курста оқып шықты. 4,5 мыңға жуық оқушы шеберлік сабақтарына, жазғы қарқынды курстарға мен түрлі байқауларға қатысты. Бүгінгі фестиваль барысында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындар өзара тәжіирбе алмасып, біліктілігін сынға салды. Осылайша, ғылым мен техниканы жанына серік еткен жаңа дәуір мамандары мектеп қабырғасынан қалыптасады.
Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин