«Jas Tolkyn» байқауының жеңімпаздары Мәскеуде халықаралық фестивальге қатысты

«Jas Tolkyn» таланттар байқауының жеңімпаздары Мәскеуде өткен «Каспий құбыры консорциумы - дарынды балаларға» халықаралық фестиваліне қатысты.

Жоба Ресейде 20 жылдан астам уақыт бойы өтіп келеді. Ол Теңіз - Новороссийск мұнай құбыры өтетін аймақтарды қамтиды. Қайырымдылық шара дарынды балаларды қолдауға бағытталған.

«Каспий құбыры консорциумы - дарынды балаларға» қайырымдылық жобасы дарынды өнерпаздарды қолдауға бағытталған. Байқаудың басты мақсаты — ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтау және жаңғырту.

Николай Горбань, Каспий құбыры консорциумының бас директоры

- Біз осы жобаға жанымызды салып, шын жүректен жасадық. Дарынды балаларға көмек корсету біз үшін қуаныш. Бұл фестивальға Қазақстанның облыстарынан келген әртістер қатысып отыр. Керемет дайындалып келген балалар.

Байқауға биыл 19 мың бала қатысты, олардың бір мың үш жүзі Қазақстаннан келді. Олар "Хореография", "Вокал", "Аспаптық жанр", "Халық музыкасы" және "Көркем сөз" атты бес номинация бойынша бақ сынасты. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы қазақстандық өнерпаздардың кәсібилігі мен бірегей дарынын жоғары бағалады.

Айша Хамит, биші:

- Біз үшін осы форумға қатысу үлкен тәжірибе. Осы форум арқылы көптеген жаңа қалаларға бардық, таныстық. Осы форум бізге үлкен мүмкіндік берді. Өзіміз кішкентай ауылдан болсақ та, дамыумызға үлкен мүмкіндік берді. 

Фестиваль аясында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарыан келген "JAS TOLKYN" байқауының жеңімпаздары Мәскеуде тұратын қандастырымыз үшін бөлек концерт ұсынып, көрерменді тәнті етті.

Дана Нұржан, Шахзод Гамиров