СҚО оқушылары дәстүрлі Президент шыршасына қатысты
Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді солтүстік қазақстандық оқушылар да Президентке алғыстарын жеткізді.
200-ге жуық бала Мемлекет басшысы атынан ұйымдастырылған дәстүрлі шырша мерекесінде бағалы сыйлықтарға ие болды.
Бүлдіршіндер мектеп формасын түрлі жаңа жылдық костюмдерге ауыстырып, өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ шытырман оқиға толы сиқырлар әлеміне саяхат жасады.
Меруерт Сепен, оқушы:
- Көп бала өнер көрсетті. Балалардың билері және әндері өте қатты ұнаған болатын. Мен балаларға бақыт және жақсы оқуды тілеймін.
Інжу Болатханқызы, оқушы:
- Бұл костюмді біз анам тағы екі мұғалім тіктік. Содан кейін «Бір тұтас Қазақстан – менің туым» деген атты қойдық. Ән айттық, би биледік, ойын ойнадық. Жаңа жыл жақсы өтсін.
Салтанатты шараға 200 жеткіншек арнайы шақырту алды. Олардың қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер де бар. Барлығы оқуда озат, түрлі байқауларда жақсы нәтижеге қол жеткізгендер.
Зәмзәгүл Тұрлыбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
- Барлық қатысып жүрген балалардың жетістіктері бар. Білімде, спортта, шығармашылықта. Кешегі күннен бері балалар осы шыршаға қатысып, біз саяхат жасадық. Мұражайларға, кешкі сауықтыру бағдарламасын ұйымдастырдық. Келген балалардың костюмдері ерекше.
Бұл күні ешкім құр алақан қалған жоқ. Барлығына тәттілер мен бағалы сыйлықтар үйлестірілді.
Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков