Алматыда «Лаула» фильмінің премьерасы өтті
Алматыдағы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Лаула» фильмінің премьерасы өтті.
Мотивациялық туынды жастарға арналған. Онда шынайы өмір оқиғалары, қиыншылықты еңсеру, талапшыл және табысты болудың маңыздылығы көрсетіледі.
«Лаула» жас актриса әрі продюсер Лаура Лесбектің басынан кешкен оқиғалардың желісімен түсірілген фильм. Тұрмыс тауқыметі, ақшаның жетіспеушілігі, жұмыс тапшылығы - бұл отбасының күнделікті уайымы. Осындай қиындықтарға шыдамаған Лаула табыс табудың жолын іздеп, жетістікке жетеді.
Дінмұхаммед Жолдас, актёр:
«Қиыншылықтарын жеңу туралы көрсетіледі. Қазіргі заманауи бағыттағы жастардың жұмыс істеуі, SMM мамандығы, таргетолог басқа да салалар дамып жатыр ғой. Сол себептен де осы кинодан мотивация ала алады жастар. «Жастарға осындай кино керек деп ойлаймын. Жастардың көзі ашылады. Қалай жұмыс жасау керек. Қалай интернет арқылы, SMM арқылы ақша табу керек. Соның барлығын меңгереді деп ойлаймын».
Лаура Лесбек фильм сценариін он күнде жазған. Ал түсірілім Алматы мен Леңгірде өткен. Режиссері Дулат Оңғар. Басты рольдерді Қылышбек Қасымбеков, Амангелді Аққұлиев пен Жәудір Сарыпбековалар ойнайды.
Лаура Лесбек, продюсер, актриса:
«Режисердің көзі Жәудір әпкеге түсті. Себебі Жәудір әпке тұлғалық жағынан да, менің анама, менің өзіме ұқсайды. Және де ол кісіден артық бұл рөльді ешкім алып шыға алады деп біз ойламадық. Сондықтан да сөссіз сол кісілермен жұмыс жасағымыз келді. Және де бір жақсы туындының шыққанына сенімдімін».
Фильм еліміздегі «Кинопарк-Киноплекс» кинотеатралар желісінде көрсетіледі.
А.Садуақас, Ә.Нарымбаев